«Жақсылықтың көктемгі апталығы» іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында 21 сәуір күні «Таза аула» экологиялық акциясы өткізілді.
Акция барысында аумақты абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды: тазалау жұмыстары жүргізілді, гүлзарлар өңделді, ағаштар бұталанды, аумақ сыпырылды.
Барлық қатысушыларға белсенділік танытып, таза әрі жайлы қоршаған ортаны қалыптастыруға қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз!





