Заң және тәртіп» айлығы аясында мектепте жоғары сынып оқушылары мен криминалистика бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Абдильманов Тимур Мұхтарұлының қатысуымен кездесу өтті.
Кездесу барысында оқушылар криминалистикалық қызметтің жұмысы, қоғамдағы заң мен тәртіптің маңызы туралы мәлімет алып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Іс-шара оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және заңды саналы түрде сақтауға бағытталды.





