🛡️ «Терроризм қаупі кезіндегі қауіпсіздік және әрекет ету ережелері»
Мектебімізде оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру және төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру мақсатында маңызды ақпараттық дәріс өткізілді.
Дәрісті полицияның аға инспекторы, майор Арбабаева Мадина Ериковна өткізді.
Кездесу барысында терроризм ұғымы, терроризм қаупінің алдын алу, қауіпсіздік ережелері және қауіп туындаған жағдайда дұрыс әрекет ету тәртібі туралы түсіндірілді.
Осындай кездесулер оқушылардың қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауына және кез келген төтенше жағдайда сабырлы әрі дұрыс әрекет етуіне ықпал етеді.
Қауіпсіздік – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз! 🛡️





