Солтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының тәрбие жұмысы бөліміның бас маманы Тұрлыбаева Замзагүл Болатқызы Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері — қызмет майоры Идрисов Диас Серікұлы және экономикалық тергеп-тексеру қызметінің подполковнигі Синякина Оксана Юрьевнамен бірге мектебімізге арнайы келіп, 10 «А» сынып оқушысы Қанат Самираны «Қаржы сақшысы (Qarjy saqshysy)» интерактивті білім беру ойынының облыстық финалының жүлдегері ретінде марапаттады.
Іс-шара Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп, «Заң және тәртіп» бастамасы аясында өткізілді және оқушылардың қаржылық сауаттылығын, құқықтық мәдениетін, сондай-ақ қазіргі экономикалық және цифрлық қатерлерге төзімділігін қалыптастыруға бағытталды.
Ойын барысында қатысушылар қаржылық тәуекелдерге, интернет-алаяқтыққа және цифрлық ортада жауапты мінез-құлыққа қатысты өмірлік жағдайларды модельдейтін практикалық тапсырмаларды орындады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Ұйымдастырушылар интерактивті оқыту форматы оқушылардың сыни ойлауын, жеке қаржыға жауапкершілікпен қарауын дамытуға және жастар арасында экономикалық құқықбұзушылықтардың алдын алуға ықпал ететінін атап өтті. Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да өңірдегі білім беру ұйымдарының аясын кеңейту мақсатында жалғасын табады.





