"Петропавл қаласының білім бөлімі" КММ "№ 4 орта мектеп" КММ
Ресми интернет-ресурс

Профилактикалық жұмыс аясында жоғары сынып оқушыларына СҚО Жастар денсаулық орталығы мамандарының дәрісі өткізілді

Профилактикалық жұмыс аясында жоғары сынып оқушыларына СҚО Жастар денсаулық орталығы мамандарының дәрісі өткізілді. @mcz_jastar
Психолог С.М. Жолумбетова аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мәселелерін, ал дәрігер-гинеколог Н.Э. Тілеукул жеке гигиена және ЖЖБИ профилактикасы туралы айтып берді.
Кездесу барысында келесі мәселе талқыланды:
️❤️репродуктивті денсаулық - бұл норма ма? және неге назар аудару керек;
💛отбасын жоспарлау және контрацепцияның қазіргі заманғы қауіпсіз әдістері;
💚 ЖЖБИ және АИТВ профилактикасы, қорғау және тестілеуден өту мүмкіндіктері;
💙 инъекциялық қолданудың қатерлері және денсаулықты сақтаудың маңыздылығы;
💜Психологиялық салауаттылық - стрессті жеңе білу, салауатты қарым-қатынас құру және уақытылы қолдау көрсету.
Кездесу ашық және сенімді атмосферада өтті: оқушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, мамандардан білікті жауаптар алды.