Ғылыми-практикалық «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық институты әзірлеген «Балалардың қауіпсіздігі» тақырыбындағы ақпараттық ресурстар назарға ұсынылады.
Аталған материалдар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, олардың құқықтарын қорғауға және қауіп-қатердің алдын алуға бағытталған. Ақпараттық ресурстарды күнделікті өмірде, тәрбиелік және профилактикалық жұмыстарда қолдануға болады.
«Өркен» ННПИ әзірлеген постерлер балалардың қауіпсіз ортасын қалыптастыруға ықпал етеді және ата-аналар мен педагогтер үшін пайдалы ақпарат көзі болып табылады.





