📢 «Біз есірткісіз өмірді таңдаймыз» профилактикалық кездесуі.
Нашақорлыққа қарсы күрестің халықаралық күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 3 маусым күні 9-сынып оқушыларымен медицина қызметкерінің қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында маман есірткі заттарының адам денсаулығына зияны, олардың физикалық және психикалық жағдайға кері әсері туралы айтып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығына тоқталды. Оқушылар талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, денсаулық пен жарқын болашақтың пайдасына дұрыс таңдау жасау туралы пайдалы ақпарат алды.





