Бесінші сынып оқушылары үшін «Қауіпсіз маршрут» атты танымдық интерактивті іс-шара ұйымдастырылды.
Ойын барысында оқушылар өмірде кездесетін түрлі жағдаяттарды талдап, ықтимал қауіп-қатерлерді анықтады, дұрыс шешімдер қабылдауды үйренді, логикалық тапсырмаларды орындап, күнделікті өмірде қауіпсіз бағытты саналы түрде таңдауға дағдыланды.
Іс-шараның ойын форматы жеке қауіпсіздік бойынша білімді тереңдетіп қана қоймай, оқушылардың белсенділігін, топта жұмыс істеу дағдыларын және тақырыпқа деген қызығушылығын арттырды 🚦✨





