«Балалар кітапханасы» әлеуметтік жобасы аясында 2026 жылғы 3 маусымда мектеп кітапханасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орайластырылған «Еліміздің рәміздері» кітап көрмесі безендірілді. Мектеп жанындағы алаңдағы балаларға көрме материалдарына шолу жасалды.
Іс-шараның мақсаты:
балаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен таныстыру, патриоттық сезімді, өз еліне, оның тарихы мен мәдени құндылықтарына құрметпен қарауды тәрбиелеу, Отан тарихын зерделеуге қызығушылықты дамыту.
Іс-шараны кітапханашы Скучос Елена Владимировна ұйымдастырып, өткізді.





