«Балалар кітапханасы» әлеуметтік жобасы аясында 2026 жылғы 21 сәуірде мектеп кітапханасында 0 сынып оқушыларына арналған «Кітапханамен танысу» экскурсиясы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты:
балаларды кітапханамен, оның ережелерімен және мүмкіндіктерімен таныстыру, оқуға қызығушылықты қалыптастыру, кітаптарға ұқыпты қарауды үйрету және жаңа оқырмандарды тарту.
Іс-шараны кітапханашы Скучос Елена Владимировна ұйымдастырып, өткізді.





