"Петропавл қаласының білім бөлімі" КММ "№ 4 орта мектеп" КММ
Ресми интернет-ресурс

Бүгін, 25 мамыр күні, мектепте түлектерге арналған «Болашаққа бастар гүлденген жол» атты салтанатты жиын өтті!

Бүгін, 25 мамыр күні, мектепте түлектерге арналған «Болашаққа бастар гүлденген жол» атты салтанатты жиын өтті!
Бұл күн қуанышқа, жылы жүздерге, шат күлкі мен ізгі тілектерге толы ерекше мереке болды. «Таза Қазақстан: жан мен табиғат экологиясы» экологиялық жобасы аясында мектепке қысқы бақ, әсем гүл құмыраларына отырғызылған бөлме гүлдері сыйға тартылды. Олар мектепке көрік беріп, баршаға жайлылық сыйлайтын болады. 🌿🌸
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында бағалы сыйлық — велосипед 🚲 иегері анықталды. Жеңімпаз 2 «А» сынып оқушысы Дамиров Тамир атанды! Оны шын жүректен құттықтап, кітапқа деген сүйіспеншілігі үшін алғыс білдіреміз! 📚👏
Салтанатты жиында ұстаздар мен ата-аналарға алғыс айтылып, шығармашылық құттықтаулар мен жылы лебіздер жолданды.
Құрметті түлектер! Болашақ жолдарыңыз жарқын, батыл әрі бақытты болсын! Армандап, биік белестерді бағындырып, туған мектептеріңізді әрдайым ыстық ықыласпен еске алыңыздар! 💙