Бүгін, 11 желтоқсан күні, 5-7 сынып оқушылары арасында қызықты әрі танымдық "Энергия үнемдеу елі" атты тақырыптық ойын өтті!
Оқушылар білімдері мен тапқырлықтарын сынап қана қоймай, энергия мен табиғи ресурстарды қалай үнемдеу керектігі туралы көптеген жаңа мәліметтер алды.
Барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Сіздердің белсенділіктеріңіз бен білімге деген құштарлықтарыңыз барлығымызды "жасыл" болашаққа бір қадам жақындатады!





