Бүгін, 11 ақпан күні, мектепте 9-10 сынып оқушыларымен «Жастар және дін», «Жат діни ағымдар идеологиясын насихаттаудың алдын алу» тақырыбына кездесу өтті.
Іс-шара спикерлері АТТ мүшесі Қаратаева Сәуле Бағытқызы және Мұртаева Динара Қайырбекқызы.
Диалог барысында жасөспірімдердің дүниетанымын қалыптастыру, сыни ойлаудың маңыздылығы және қазіргі ақпараттық кеңістіктегі ақпаратты талдай білу мәселелері қозғалды. Дінге саналы көзқарасқа, заңдылықты сақтауға, толеранттылық пен қоғамды құрметтеу қағидаттарына ерекше назар аударылды.
Кездесу ашық әңгіме форматында өтіп, сындарлы диалог, пікір алмасу және оқушылардың белсенді азаматтық ұстанымын нығайту алаңына айналды.





