8 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін тойлау қарсаңында мектебімізде 8-ші сынып оқушылары арасында «История Независимости – история предков» атты іс-шара өтті. Бұл күн – халқымыздың азаттыққа қол жеткізіп, дербес ел болған тарихи сәт. Мақсаты: Тәуелсіздік қалай келгенін, осы тәуелсіз еліміздің қандай жетістіктерге жеткенін насихаттау, тәуелсіз ел ұрпақтарының құқықтарымен таныстыру. Іс-шара барысында оқушылар сөз жұмбақ шешіп, сұрақтарға жауап беріп қана қоймай, «Қыз қуу» ойыны арқылы қазақ тіліндегі сөздік қорларының бай екенін көрсете білді. «Менің неге құқығым бар?» атты қауіпсіздік сабағы аясында мемлекетіміздегі балалардың құқықтары сөз етілді.





