4 желтоқсанда жоғары сынып оқушылары үшін өзекті тақырыптар бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті: «Бөгде діни ағымдар идеологиясының насихатталуының алдын алу» және «Жастар және дін».
Мақсаты: Діни экстремизмнің алдын алу, тұрақты азаматтық ұстанымды және радикалды идеяларға деген теріс көзқарасты қалыптастыру. Өзара құрметтің, толеранттылықтың (төзімділіктің) және бейбіт диалогтың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Спикер: Қалалық АТТ мүшесі Қаратаева С.Б.
Әңгімелесу интерактивті түрде өтіп, оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытуға ықпал етті. Сонымен қатар, заңнамаға сәйкес құқық бұзушылықтар мен олар үшін жауапкершілік туралы ақпарат берілді.





