"Петропавл қаласының білім бөлімі" КММ "№ 4 орта мектеп" КММ
Ресми интернет-ресурс

22 қаңтар күні 8–9 сыныптардың 44 оқушысы үшін Қаржылық мониторинг академиясы әзірлеген «Қаржы сақшысы» атты қаржылық сауаттылық бойынша онлайн-іс-шара өтті

22 қаңтар күні 8–9 сыныптардың 44 оқушысы үшін Қаржылық мониторинг академиясы әзірлеген «Қаржы сақшысы» атты қаржылық сауаттылық бойынша онлайн-іс-шара өтті.
Кездесудің бастамашысы — СҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті. ЭТД қызметкері, спикер Оксана Юрьевна Синякина оқушыларға алаяқтардың арбауына түспеу жолдары мен жауапты қаржылық шешімдер қабылдау туралы айтып берді.
Ойынның мақсаты: деңгейлерден өтіп, қауіп-қатерлерді тануды үйрену және «қаржы сақшысы» дағдыларын дамыту. Жобаға қатысу мектеп оқушыларының сыни ойлау қабілетін арттырып, өз іс-әрекеттері үшін жеке жауапкершілігін қалыптастыруға көмектеседі.