"Петропавл қаласының білім бөлімі" КММ "№ 4 орта мектеп" КММ
Ресми интернет-ресурс

2026 жылғы 19 ақпанда КММ «№ 4 орта мектепте» 9-сынып оқушылары арасында «Smart bala» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру аясында «Start up» жобалар байқауы өтті

2026 жылғы 19 ақпанда КММ «№ 4 орта мектепте» 9-сынып оқушылары арасында «Smart bala» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру аясында «Start up» жобалар байқауы өтті. Іс-шара оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын, креативті және сыни ойлауын дамытуға, сондай-ақ олардың бастамашылдығы мен дербестігін ынталандыруға бағытталды.
Байқауға қатысушылар әлеуметтік, білім беру және экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған жобаларын ұсынды.
Қазылар алқасы қатысушылардың жоғары дайындық деңгейін, жобаларын шебер таныстырып, көпшілік алдында сенімді сөйлеу қабілеттерін ерекше атап өтті. Тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарлары Сергеева Т.В. мен Муртаева Д.К. аталған бағыттағы жұмысты одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар берді.
Іс-шара соңында жеңімпаздар мен қатысушылар дипломдар және сертификаттармен марапатталды.