Тіліңізді таңдаңыз

"Петропавл қаласының білім бөлімі" КММ "№ 4 орта мектеп" КММ
Ресми интернет-ресурс

2026 жылғы 17 қыркүйекте Петропавл қаласының «№4 орта мектеп» КММ-де «Білім беру қызметін басқарудағы PISA деректерін интерпретациялау тәсілдері» тақырыбында облыстық семинар өтті

📚 Деректерден — шешімдерге, шешімдерден — дамуға!
2026 жылғы 17 қыркүйекте Петропавл қаласының «№4 орта мектеп» КММ базасында «Білім беру қызметін басқарудағы PISA деректерін интерпретациялау тәсілдері» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинарға «Өрлеу» ҰБАО» АҚ СҚО бойынша филиалының директоры Л.С. Алмагамбетова және «№4 орта мектеп» КММ директоры С.Б. Қаратаева құттықтау сөз сөйледі.
Семинардың пленарлық бөлімінде В.Н. Сосин, С.Р. Мироненко және С.Б. Қаратаева функционалдық сауаттылық пен PISA нәтижелерін тәжірибеде қолдану мәселелерін қарастырды.
Семинардың ерекше бөлігі — мектеп педагогтері өткізген көрсетілім сабақтары болды:
📖 Некрасова Ю.И. — әдебиет сабағы;
🇬🇧 Алифтенова А.Б. — ағылшын тілі сабағы;
📚 Шумило А.С. — бастауыш сыныптардағы математика сабағы;
🔬 Мейрембаева Р.С. — физика сабағы.
Педагогтер өз сабақтарында PISA тапсырмалары мен тәсілдерін практикалық тұрғыда қолдануды көрсетті.
✨ Семинар кәсіби қарым-қатынас, тәжірибе алмасу және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған тиімді құралдарды іздеу алаңына айналды.
PISA — бұл тек нәтижелер ғана емес, сонымен қатар деректерді нақты білім беру шешімдеріне айналдыру мүмкіндігі!