19 мамыр күні жоғары сынып оқушыларымен жастар арасында қылмыстың алдын алуға бағытталған маңызды құқықтық түсіндіру кездесу өтті. Петропавл қаласының прокуратура бөлімінің прокуроры Асем Казбекова сөз сөйледі. Дәріс барысында есірткі қылмыстарының алдын алуға, кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікті қорғауға, сондай-ақ буллинг және вандализм сияқты басқа да кең тараған құқық бұзушулықтар үшін жауапкершілікке ерекше назар аударылды. Прокурор жасөспірімдерге құқыққа қарсы әрекеттердің құқықтық салдарын түсіндіріп, заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтынын еске салып, балаларды толғандыратын барлық сұрақтарға жауап берді. Кездесудің жалпы мақсаты - оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және оларға қауіпсіз болашақ үшін саналы түрде таңдау жасауға көмектесу.





