14 мамыр күні оқушылар үшін полиция капитаны Камила Оразованың қатысуымен профилактикалық кездесу өтті.
Кездесу барысында балаларға заң талаптарын сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үйден тыс жерде заңды өкілдерінің (ата-анасының) еріп жүруінсіз болуына жол берілмейтіні туралы ескертілді.
Бұл шараның басты мақсаты — құқық бұзушылықтың алдын алу және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.





