13 желтоқсанда мектепалды даярлық сыныбында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты сынып сағаты өтті. Сынып жетекшісі Қасенова Айна Серікқызы өз тәрбиеленушілеріне арнап "Менің мақтанышым – Тәуелсіз Қазақстан" атты іс-шара өткізді. Сабақ барысында жас патриоттар Қазақстан туралы өлеңдерді мәнерлеп оқып, Отанға деген сүйіспеншілігін көрсете отырып, әдемі суреттер салумен аяқтады.





